Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Тіл – ұлттың жан дүниесі

18.06.2025

ЖЗП кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Р.Н.Джигитова «Тіл – ұлттың жан дүниесі» атты 104-оқу тобында дөңгелек үстел өткізді.
Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – курсанттардың ана тіліне деген құрмет сезімін оятып, тіл мәртебесін арттыру, сауатты әрі таза сөйлеуге дағдыландыру. Сонымен қатар, өз ұлтына, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухты нығайту.Іс-шарада курсанттар ана тіліне деген құрметін көрсетіп, тіл мәртебесін көтеруге белсене атсалысты. Қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар ала алды.
Бүгінгі дөңгелек үстел – тілдің тұғыры биік болуы үшін әр азаматтың өз ана тіліне деген жанашырлық көзқарасын қалыптастырып, тіл мәдениетін сақтау жолында атсалысуына себеп болмақ.