11.10.2025



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жеке құрам арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және институт аумағындағы тазалықты сақтау болып табылады. Акцияға қызметкерлер, курсанттар және оқытушылар қатысты. Қатысушылар оқу орнының аумағын, іргелес аумақтар мен демалыс аймақтарын тазалап, тазалық пен абаттандыру ісіне өз үлестерін қосты.







