Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Таза Қазақстан

7.06.2025

7 маусым күні оқу ордамыздың басшылығы және қызметкерлерінің қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде институт аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында сенбілік өткізілді.
Мұндай шаралар – тек тазалық үшін ғана емес, табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастырып қоршаған ортаға жанашыр болуға тәрбиелеудің нақты көрінісі.
Акцияға қатысушылар мекеме маңын қоқыстан тазартып, көгалдандыру шараларын жүзеге асырып, аймақтың көркеюіне өз үлестерін қосты.