Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Таңғы таралым

12.05.2025

Бүгін институт басшылығы жеке құрамның жауынгерлік рухын көтеріп, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға ынталандыру мақсатында таңғы таралым өткізді. Институт бастығының орынбасары полиция полковнигі С. Айжанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен ‘“Айбынды әскер – Тәуелсіз елдің тірегі” атты қалалық әскери-патриоттық турнирде ерекше дайындық пен жоғарғы нәтиже көрсетіп, 2-орын иеленген Ақтөбе заң институты командасын жеңісімен құттықтап, велотренажер мен сертификат табыстады.