Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Тәжірибелік сабақтар

14.05.2025

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы алғашқы курс даярлық тыңдаушыларымен «Процестік даярлық» пәні бойынша көшпелі тәжірибелік сабақтар жүргізді. Тәжірибе сабақ өткізу барысында Ақтөбе облысы ПД жедел-криминалистикалық қызметінің негізгі танысу бағыттары жүргізілді. Жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері келесі бағдарламалардың жұмыс қағидаларын көрсетіп тәжірибе сабақтарын толық түсіндірді. Сонымен қатар «Папилон», «Образ++», «Оқ-гильзотека» және күнделікті тәжірибелік қызметкерлер қолданатын басқа да іздестіру жүйелерінің жұмыс жасау принциптері таныстырылды. Тәжірибе сабақ өз мақсатына жетті, тыңдаушылар сот-баллистикалық сараптама жүргізу әдістерімен танысты, адам сыртқы келбетінің элементтері мен белгілері бойынша сәйкестендіру әдістері туралы қажетті білім алды. Сондай-ақ криминалистер оқиға орнын тексеру барысында заттай дәлелдемелерді табу, алу және бекіту ережелері туралы тәжірибелік сабақтар өткізді.