Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Тәртіп – табыстың кілті

15.10.2025

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында №63 орта мектептің “Жас сақшы” кадет класының оқушыларымен сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылармен «Тәртіп – табыстың кілті» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылып, жеке тәртіп, жауапкершілік пен табысқа жетудің психологиялық қырлары талқыланды.
Мақсат– жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыру, тәртіп пен өз-өзіне талап қою мәдениетін дамыту.
Тренинг барысында оқушылар белсенділік танытып, топтық тапсырмалар арқылы тәртіп пен табыстың өзара байланысын ашып көрсетті.