Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Тәрбие сағаты

28.10.2025

Институттың негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес кәсіби даярлық факультеті 1 курс курсанттарымен «Тұғыры биік туған тіл» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – курсанттардың ана тіліне деген құрметін арттыру, мемлекеттік тілдің маңыздылығын насихаттау және тіл саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысуға тәрбиелеу. Кездесу барысында тілдің ел бірлігін нығайтудағы рөлі, ұлттың рухани қазынасы ретіндегі орны туралы мазмұнды ойлар айтылды.

Шара аясында курсанттар патриоттық өлеңдер оқып, ана тілі туралы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің құқық қорғау саласындағы қолданылу аясын кеңейту мәселелері де көтерілді.

Кездесу тәрбиелік мәні зор, мазмұны бай форматта өтті және курсанттардың тілге деген ықыласын арттыра түсті.