13.11.2025



Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасымен өзара тығыз ынтымақтастық орната отырып, 2025–2026 оқу жылына арналған Тәлімгерлер кеңесінің ұйымдастыру жоспарына сәйкес алғашқы даярлық курсының 6 және 9 топ тыңдаушыларына арналған «Процестік даярлық» пәнінен «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде адамның сыртқы деректерін пайдалану» тақырыбында тәжірибелік (практикалық) сабақ өткізді.
Тәжірибелік сабаққа Ақтөбе облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисті, полиция подполковнигі М.Д. Жолдықараев және осы басқарманың бас криминалисті, полиция майоры Б.Т. Бейнов арнайы шақырылды. Құқық қорғау органдарының тәжірибелі мамандары тыңдаушыларға криминалистикалық идентификацияның маңыздылығы, оқу үдерісінде қолданылатын жылжымалы криминалистикалық зертхананың қатысуымен ұйымдастырылды. Бұл зертхана заманауи криминалистикалық техникамен жабдықталған, оның ішінде бейнетіркеу, дактилоскопиялық зерттеу, фотофиксация, портреттік сәйкестендіру және іздерді зерттеу құралдары бар. Тыңдаушыларға криминалистикалық зертхананың құрылымы мен мүмкіндіктері таныстырылып, нақты мысалдар арқылы адам тұлғасын тану және сипаттау әдістері көрсетілді.
Іс-шара қорытындысында кафедра оқытушылары мен полиция департаменті қызметкерлері мұндай бірлескен сабақтардың болашақ құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы маңызын атап өтіп, өзара серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.







