Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Республика күніне орай салтанатты жиын өтті

25.10.2025

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында еліміздің басты мерекесі – Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға институттың профессорлық-оқытушылар құрамы, ардагерлер, курсанттар мен тыңдаушылар қатысты.
Жиынды институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі М.Алгожаев ашып, құттықтау сөзін жеткізді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы В.Сюняков бұл әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын, елдік пен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың мерекесі екендігін атап өтті.
Салтанатты шарада ҚР Ішкі істер министрінің және институт бастығының құқығымен институттың қызметкерлері мен курсанттарына арнайы атақтары табысталып, қызметте нәтижеге жеткен бірқатар қызметкерлер грамоталармен және алғысхаттармен марапатталды.
Бұл мереке – Отанға деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет пен жауапкершіліктің символы.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, рухы асқақ, мәртебесі биік болсын!