Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Полицейге хат

23.05.2025

025 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ақтөбе қаласындағы № 65 орта мектептің 1-5 сынып оқушылары арасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Полицейге хат» байқауын өткізді.
Байқау балалар мен құқық қорғау органдарының арасындағы сенімді нығайтуға, тәртіп сақшыларына алғыс білдіру мүмкіндігін беруге, полиция қызметкерінің имиджін арттыруға бағытталған.
Үздік жұмыстар қазылар алқасы тарапынан таңдалып, қатысушылар сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.