Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

NEO — жаңа буын полицейлері: болашақтың қорғаны 

9.10.2025

Жаңа оқу жылынан бастап Bilim мектебінде, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және Ақтөбе облысы полиция департаментімен бірлесе «NEO — жаңа буын полицейлері: болашақтың қорғаны» атты жаңа жобаны іске асыруда.
Оқу бағдарламасы 10–11-сынып оқушыларына арналған. Оқушылар әкімшілік қызмет пен қылмыстық құқықтың негіздерін меңгеріп, сонымен қатар практикалық сабақтарға, полиция қызметкерлерімен кездесулерге қатысады.