16.05.2025



Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай, институттың дене шынықтыру даярлығы кафедрасының құрамының ұйымдастыруымен, институттың қыз балалары арасында “Мас-рестлинг” жарысы өткізілді.
Жарысқа қатысушылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, жеребе тартылып, реттік сандары анықталды және жарыстың ережесі түсіндірілді.
Аталған жарыс тартысты өтіп, үздіктер анықталып жеңіске жеткендер грамоталармен және кубоктармен марапатталды.