12.08.2025



2025 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ
Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына 7М12301 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші үміткерлер келді.
Үміткерлермен қабылдау комиссиясының мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында үміткерлерге түсу емтихандарының 2 кезеңінен өту тәртібі туралы ақпарат егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Комиссия мүшелері құжат тапсыру талаптары, оқуға түсу ережелері және осы білім беру бағдарламасының ерекшеліктері бойынша қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.
Мұндай кездесулер қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және үміткерлер үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.







