Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

“Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры” кураторлық жұмыс

21.10.2021

2021 жылдың 21 қазанында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары полиция майоры Р.Б. Молдыбаева және полиция майоры Д.С. Муканова “Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры” атты кураторлық жұмыс аясында Ақтөбе облысының балалар және жастар ұйымдары қауымдастығының төрағасы және “Дарын” Мемлекеттік сыйлығының иегері  Ж.М. Табылгановпен 8 және 10 оқу топтарының алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушылары арасында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – патриоттық және азаматтық тәрбие, тыңдаушылардың Отанға деген мақтаныш сезімін, ұлттық сана-сезімін дамыту. Кездесу қорытындысы бойынша барлық белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.