Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Конституция – заң мен тәртіптің жоғарғы кепілі

27.08.2025

Қазақстан Конституциясына – 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2025 жылдың 27 тамызда Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушылары арасында «Конституция – заң мен тәртіптің жоғарғы кепілі» тақырыбында пікір-талас ұйымдастырылды. Іс шара мақсаты – тыңдаушылардың Конституциялық құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру, сыни ойлау мен еркін пікір айту дағдысын қалыптастыру. Пікір-талас барысында тыңдаушылар Конституция нормаларын талдап, ішкі істер органдарының міндеттері мен қоғам алдындағы жауапкершілігі жайлы өз ойларын ортаға салып, азаматтардың заң алдындағы теңдігі туралы ой қозғап, заң мен тәртіпті сақтау – тұрақты қауіпсіз қоғамның басты кепілі екенін нақты дәйектермен дәлелдеп, белсенді ұстанымдарын көрсетті. Пікір -таласқа екі команда – «Адал азамат» және «Құқық қалқаны» қатысып, өзара тартысты сайыс өткізді. Әр команда Конституциялық құндылықтарды қорғауға деген ұмтылысын және кәсіби дайындық деңгейін жоғары дәрежеде көрсетті. Дебат қорытындысында үздік спикерлер мен белсенді қатысушылар марапатталды.