30.08.2025



Қазақстан Республикасы
ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға институттың профессор-оқытушылар құрамы, курсанттар мен қызметкерлер қатысты.
Жиынды ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, полиция полковнигі Ғ.Есболаев ашып, барша жиналғандарды Конституция күнімен құттықтады. Сонымен қатар құттықтау тілектерін ардагерлер кеңесінің төрағасы В.Сюняков, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры А.Смагулова білдірді.
Салтанатты шара аясында жас қызметкерлер ант қабылдады, ал институттың үздік қызметкерлері мен курсанттары ҚР Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамоталарымен және институт бастығының алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл марапаттар олардың қызметке деген адалдығы мен оқудағы жоғары көрсеткіштерінің нәтижесі.







