Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Кинологиялық орталық

19.05.2025

Институттың қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушылары алғашқы даярлық курс тыңдаушыларына оқу процесінің тәжірибелік бағдарлануын күшейту мақсатында «Процестік даярлық» пәні бойынша Ақтөбе облысы ПД кинологиялық орталығына көшпелі сабақтар өткізді.Кинологиялық орталықтың қызметкерлері тыңдаушыларды кинологтардың жұмысын ұйымдастыру және учаскелік полиция инспекторларымен, жедел-тергеу бөлімшелерімен және криминалистермен өзара іс-қимыл тәртібімен таныстырды.Сонымен қатар одорологиялық сараптама жүргізу тәртібі мен ережелері, сондай-ақ күдікті адамдарды ұстау, тұрғын үйді де, автокөлікті де тексеру және тінту кезінде есірткі заттарын табу тәртібі туралы тәжірибелік сабақ жүргізілді.