13.10.2025



2025 жылғы 13 қазанда Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының «Фемида» ғылыми үйірмесі аясында «Киберқылмыс: ескерту және жазалау шаралары» тақырыбында 1–2 курс курсанттарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Ақтөбе облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының киберқылмыстарды тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны А.А. Алдияров, сондай-ақ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Ж.А. Шагиров қатысты.
Сонымен қатар, аталған тақырыпты зерттеу бойынша Институттың мамандары — полиция полковнигі З.З. Нұрыш пен полиция капитаны А.Ғ. Жұмағұлов өз пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстел барысында 2-курс курсанттары өздерінің баяндамаларымен таныстырып, сарапшылармен бірге өзекті мәселелер талқыланды.







