Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Кәсіби даярлық

30.05.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Е. Алдияров 4-оқу тобына «Кәсіби даярлық» пәнінен №22 «БАҚ өкілдерімен, блогерлермен, азаматтармен, оның ішінде арандатушылық жағдайларда өзара іс-қимыл жасау кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында тәжірибелік ашық сабақ өткізді.
Тәжірибелік сабақта ішкі істер органдары қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), блогерлер және азаматтармен қарым-қатынас жасау тәртібін, әсіресе арандатушылық жағдайлар туындағанда, нақты әрі тиімді реттеуді көздейтін заңды шешім қабылдауға дағдыландыру мақсаты көзделді.