Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу

2.10.2025

Тәлімгерлердің кадрлық әлеуетті жетілдірудегі маңызды рөлі, курсанттардың кәсіби маман болып қалыптасуында ардагерлердің білімінің, даналығының және бай өмірлік тәжірибесі қашанда маңызды рөлге ие.
1 қазан күні институттың өсіп-өркендеуі жолында қызмет атқарған ардагерлердің 1 курс курсанттарымен кездесуі өтті.
Жиында алғаш сөз алған институт бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Сахарбай ардагерлермен бірлесе атқарған жұмыстың жас буын өкілдерін тәрбиелеуде үлкен маңызға ие екендігіне тоқталса, кездесу қонақтары ішкі істер органдарында қызмет етудің артықшылықтары туралы әңгімелеп берді. Шара соңында институтымыздың дамуы мен жас полиция буынын қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан ардагерлерге Алғыс хаттар табысталды.