8.09.2025



2025 жылдың 7 қыркүйекте Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының күні салтанатты түрде аталып өтті. Аталған іс-шара заң ғылымдарының дамуындағы өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға арналған маңызды алаңға айналды. Кафедра күні аясында мазмұнды бағдарламалар ұйымдастырылды. Оның ішінде шеберлік сабақтары мен практикалық бағыттағы «IQ Battle» білім сайысы өткізілді. Сайыс барысында тыңдаушылар қылмыс орнын қараудың, дәлелдемелерді жинаудың және сараптама жүргізудің жаңа әдістемелерін тәжірибеде меңгеріп, кәсіби машықтарын жетілдірді. Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының күні – білім мен тәжірибені ұштастыратын, болашақ мамандардың кәсіби дамуы үшін таптырмас мүмкіндік. Осындай мазмұнды іс-шаралар құқық қорғау саласының үздіксіз дамуына жол ашып, жаңа буын заңгерлер мен тергеушілердің біліктілігін арттыруға ықпал етеді.







