22.10.2025



2025 жылғы 22 қазанда институтымызда ІІО ардагері Ғ. Дәулеталиннің 1 курс курсанттарымен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, жас буынға ардагерлердің өмірлік және кәсіби тәжірибесін жеткізу, патриоттық рухты нығайту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.
Кездесу барысында Ғалым Елкейұлы өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, курсанттарға кәсіби өсу жолындағы маңызды кеңестерін берді. Ол адалдық, жауапкершілік, білімге деген құштарлық және отансүйгіштік сияқты құндылықтардың маңыздылығына ерекше тоқталды.







