23.10.2025



Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 25 қазан – Республика күніне орай «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестікте қамтамасыз ету: заңнамалық новеллалар мен іске асыру тәжірибесі» атты ауқымды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға Қазақстанның жетекші ғалымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдерінен бөлек, шетелдік делегациялар қатысты:
• Өзбекстан Республикасы;
• Тәжікстан Республикасы;
• Ресей Федерациясы.
Шетелдік ғалымдар мен сарапшылар өз елдеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау тәжірибелерімен бөлісіп, трансшекаралық қылмысқа қарсы күрестегі әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға еліміздің құқық қорғау жүйесінің, заң шығарушы және атқарушы органдарының негізгі өкілдері қатысты: Ақтөбе облысы маслихатының депутаты, Жоғары оқу орындарының ғалымдары мен білікті мамандары мен оқытушылары; еліміздің барлық өңірлерінің Полиция департаменттерінің өкілдері қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша ұсынылған барлық ұсыныстар мен идеялар жинақталып, отандық заңнаманы жетілдіру және құқық қорғау тәжірибесін жақсарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.







