Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

«Құқықтану дамуының заманауи мәселелері мен үрдістері және құқық қолдану практикасы мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

24.02.2023

2023 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында «Құқықтану дамуының заманауи мәселелері мен үрдістері және құқық қолдану практикасы мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараны институттың Ғылыми-зерттеу орталығы «Мир закона» заң ғылыми-практикалық журналымен, ҚР адвокаттар алқасымен (АБАжТӨО Ақтөбе қ.), «Астана» халықаралық университетімен, Санкт-Петербург заң академиясымен және С. Баишев университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

         Конференцияны ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі Алтай Бисенұлы Байсұлтанов ашты.

         Институт бастығының орынбасары, PhD докторы, полиция подполковнигі Е.Қ. Балымов конференция қонақтарын қарсы алып, ҚР адвокаттар алқасының (АБАжТӨО Ақтөбе қ.) көптеген тәжірибелі қатысушыларына назар аударып, барлық қонақтарға жемісті жұмыс тіледі.

         Бұдан әрі конференция қатысушыларына «Мир закона» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы, з.ғ.к., отставкадағы полиция полковнигі Ғалия Жанабекқызы Сүлейманова құттықтау сөз сөйледі. Ол конференция ұйымдастырушыларына әріптестерімен тікелей қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, барлығына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, конференцияның пленарлық отырыстарына қатысушыларды қашықтықтан Дельманов Сисенбай Сәрсенбайұлы – адвокаттардың тағылымдамасы және біліктілігін арттыру орталығының директоры, Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының мүшесі, Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының мүшесі, SOROS-Қазақстан қоры гранттарының иегері; Назаров Сергей Владимирович – «Санкт-Петербург заң академиясы» АКЕЖ ББҰ ғылыми және инновациялық қызметі жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент; Максименко Елена Ивановна – Орынбор мемлекеттік университетінің сот және прокурорлық – тергеу қызметін ұйымдастыру кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты; Сағиева Ғалия Қадырбайқызы – Баишев университетінің Құқық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті, з.ғ.к.; Ахпанов Арстан Нокешевич – заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі; Шаяхметова Жанна Бекполқызы – з.ғ.к., Х. Досмұхамедова атындағы Атырау университетінің профессоры және басқалар құттықтады.

Баяндамаларды тыңдау барысында жұмыс белсенділік, серіктестік қарым – қатынас; қатысудың шоғырлануы; кері байланыс; жұмыс әдісі-топтық пікірталас әдісі қағидаттарына негізделді.

Конференцияны қорытындылай келе, Е.Қ. Балымов жиналғандарға іс – шараға қатысқандары үшін, ал баяндамашыларға қызықты, егжей-тегжейлі және тәжірибеге бағдарланған баяндамалары үшін тағы да алғысын білдіріп, айтылған баяндамалар тек теориялық және практикалық білім алуға ғана емес, тәжірибе алмасуға да мүмкіндік бергенін атап өтті. Іс-шара соңында сертификаттар мен естелік фото табыс етілді.