19.06.2024
23 маусым – Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Жарыста 6 команда айналмалы жүйе бойынша бақ сынасып, жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды.
Нәтижесінде: 1 орынға (басшылық құрам, имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімі, оқытудың ақпараттық-техникалық құралдары бөлімі, кадр саясаты бөлімі) “Арлан” командасы, 2 орынға «Ақтөбе» (кәсіби даярлық факультеті, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті және оқу-әдістемелік орталық) командасы, 3 орынға «ТСП» (арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы) командасы ие болды.
Осы жарыста «Үздік қақпашы» номинациясына арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Е. Туребеков ие болса, «Үздік қорғаушы» номинациясына Білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі О. Төлепберген, «Үздік ойыншы» номинациясына бақылау-өткізу пунктінің бақылаушысы қатардағы полиция Ж. Сериккалиев, «Үздік шабуылшы» номинациясына институт бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

















