15.08.2025



2025 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ
Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 7М12301 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға қабылдау үшін емтихан нәтижелері негізінде қабылдау комиссиясының отырысы өткізілді.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының магистратуралары мен PhD докторантураларын 2025 жылы жасақтау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2025 жылғы 1 сәуірдегі №240 бұйрығын орындалуын жүзеге асыру мақсатында, Институттың қабылдау комиссиясы емтихан қорытындыларын қарап, оқу орнына қабылдау үшін үміткерлерді ұсыну туралы шешім қабылдады.
Іріктеу үдерісі қолданыстағы нормативтік талаптарға толық сәйкес жүргізіліп, барлық кезеңдерде ашықтық пен объективтілік қамтамасыз етілді.







