Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Елбасының жолдауын насихаттау – біздің міндетіміз

14.09.2017

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң  институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасы 2017жылғы 31 қаңтардағы мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын кафедра отырыстарында талқыланып, күнделікті оқу үрдісіне қатысты тұстарын өз тәжірибелерінде қолданып келеді.

Бұл жолдау ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды сауаттандыру мәселелерін қарастырады. 

Мемлекет басшысы жас ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек»– деп атап өтті.

Шынында дакейбір азаматтардың діни теріс мағлұматтарды шетелдік сайттардан алып, шетелдік ғалымдардың пәтуасымен жүруді аңсайтыны, шетел асып жатқан кейбір жастардың шетелдік сайттар мен әлеуметтік желілерден діни білім алатыны белгілі болып отыр.          

Елбасының халқымызға, әсіресе, жастарымызға ғаламтор арқылы діни мазмұнда теріс мәліметтер тарататын ақпарат көздерінің жолын кесу туралы көтерген мәселесі де маңызды болып табылады.  Осы ретте өз елінің патриоты боларұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажет. Бұл – аса маңызды іс. Өйткені, ұлтжанды азамат өз ұлты мен Отанына қиянат жасамайды. Барлық халық діни терроризм мен экстремизмге қарсы тұру қажет. Алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұр. Жаңа елдің іргесі қаланды,  және үш бірдей жаңғырту жүргізілді: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасалынды, әлеуметтік мемлекеттің негіздері қаланып, қоғамдық сананы қайта өзгерті, біз өзіндік  жолымызды әрі қарай айқындауға тиістіміз. Бұл жол “Қазақстан-2030” Стратегиясында белгіленген болатын. Бұл құжат стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған,   көзқарасымыздағы  маңызды серпіліс болмақ.

Халыққа жолданған жолдауда көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді барлығымыз жұмыла отырып, жүзеге асыруымыз қажет. Қазақ халқының нақылында айтылғандай: «Мақсат – жетістіктің желкені». Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді.

Кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамымен жоғарыда айтылған өзекті сұрақтарға байланысты өз мақсаттары да бар, ол туралы үнемі сөз қозғалып, пікірталас орын алуда және көптеген жұмыстар атқарылып жүр. Мысал келтірер болсақ, кафедрада криминология, қылмыстық құқық және жалпы құқықтық даярлық пәндерінде осы сұрақтарға қатысты тақырыптар бар.

2016-2017 оқу жылына арналған ашық сабақ өткізу жұмыстары туралы кестеге сәйкес, кафедра бастығының орынбасары полиция полковнигі А.С.Жумабаев алғашқы даярлық курсына жалпы құқықтық даярлық пәнінен «Діни экстремизммен терроризмнің көріністері және алдын алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді және осы тақырыпта кафедраның аға оқытушысы полиция капитаны Г.Н.Тоқпанбетоваоқу процесіне кәсіби мамандарды тарту және оны  тәжірибемен байланыстыра отырып нығайту мақсатында 2016-2017 оқу жылына арналған тәжірибелі қызметкерлерді тарту жұмысы бойынша Ақтөбе облысы ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Д.С.Ахметовтің қатысуымен тәжірибелі сабақ өткізді.

«Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Ж.Сейтенов «Жалпы құқықтық даярлық» пәнінен «Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар»  тақырыбы бойынша алғашқы даярлық курсының тыңдаушыларына ашық дәріс сабақ өткізіп, оған институттың басшылық құрамы және оқытушы – профессорлық құрамы қатысты. Ашық сабақта елбасының жолдауларын насихаттау орын алды және тыңдаушыларға рухани тәрбиелік, әділдік, тазалық, сауаттылық туралы мағынасы астарлы, маңызды мәселелерге мысалдар келтіріліп, қарастырылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң  институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы Елбасының жолдауындағы тапсырмаларды өздерінің міндеті деп санайды және жүзеге асырып келеді.

 

Қылмыстық құқық және криминология

кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                                            

А.Ж.Сейтенов