Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Дөңгелек үстел отырысы

27.10.2025

Институттың Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының “Жол қауіпсіздігі” ғылыми үйірмесі шеңберінде “Жол-көлік апаттылығы” тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстелге Ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөліністерінің қызметкерлері, институттың профессорлық-оқытушы құрамы мен курсанттар қатысты. Дөңгелек үстел отырысы барысында жол көлік апаттылығын төмендету сұрақтары талқыланып, өз шешімдерін таба білді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – жол көлік апаттылығы мәселелері бойынша теория мен практиканың ұштасуы болып табылады