Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Новости

03.03.2025

2025 жылдың 24 ақпан мен 01 наурыз аралығында республиканың күзет полктері саптық бөліністерінің полицейлері үшін «Қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті.Курс барысында қызметкерлер қызмет барысындағы маңызды мәселелердің теориялық және тәжірибелік шешімдері, олардың дұрыс қолданылу бағыты бойынша дағдыларды меңгерді.Курс соңында қызметкерлерге біліктілікті арттыру курсынан өткендігін растайтын сертификат табысталды.

19.02.2025

Оқу-сабақ жоспарына сәйкес, институттың дене шынықтыру даярлығы кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.А.Мергалиев, “Дене дайындығы” пәнінен #5 “Жүзу” тақырыбы бойынша институттың кәсіби даярлық курсына шығу сабағы болып, тәжірибелік сабағын өткізді.

17.02.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушыларымен “Спортта қызметтегідей” акциясын жүзеге асыру мақсатында тимбилдинг ұйымдастырылды. Іс шара барысы тыңдаушыларға ұжымдық әрекет, жауаптылық, талпыныс, ауызбіршілік секілді дағдыларды игеруге ықпал жасады.