- Институт
- Учебно-методическая деятельность
- Научная деятельность
- Кадровая и воспитательная работа
- Образовательный
портал - Обучающиеся
«Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету бойынша медиа-жоспардың 6-тармағына сәйкес Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында «Нашақорлық – адасудың жолы» тақырыбында М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институты ІІМ әкімшілік құқық және әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н.Думовтың және Ақтөбе ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция майоры …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы, факультет және кадр саясаты бөлімінің өкілдері, жеке құрам бойынша инспекция курсанттарға қысқы демалысқа шығар алдында нұсқаулық жүргізді. Оларға заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы мен көпшілік орындарда өздерін талаптарға сай ұстау ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар Әдеп кодексінің және құқық бұзушылықтар саласындағы Заңдардың …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары мен қызметкерлері 01 ақпаннан бастау алған “Спортта қызметтегідей: 10.000 қадам” акциясы шеңберінде топтық жүгіруді іске асырды. Сонымен қатар, акция соңында курс басшысы және топ кураторларының ұйымдастыруымен курсанттар арасында тимбилдинг өткізілді.Тимбилдинг курсанттарға керемет көңіл-күй сыйлады. Курсанттар топтық қызықты ойындарға қатысты. Өткізілген корпоративтік …
Ішкі істер органдарының арнайы күштерінің бөлімшелері үшін мамандар даярлау ерекше тәсілдерді қолдануды талап етеді. Қазіргі уақытта Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қабырғасында аталмыш бағытта Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары тәжірибе алмасуда. Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының профессоры Дамеш Шаханова өткізген арнайы …
Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларына идеологиялық және мәдени бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында кафедра күнін өткізді.Тыңдаушыларға Ақтөбе облысының тарихы, көрікті және киелі жерлері туралы презентация жасалды. Сонымен қатар Ақтөбе өңірінде дүниеге келген батырлар, ақындар, музыканттар және басқада көрнекті тұлғалар аталды. …
Біліктілікті арттыру курстары аясында ішкі істер органдарының білікті кадрларын даярлау мақсатында ҚР ІІМ Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Е.Т.Алдияровтың «ІІО қызметіндегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында өткізген тәжірибелік сабағына Ақтөбе облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі …
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі Дархан Амангелдіұлы Амангельдиев Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының өкілдерімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің саяси-идеологиялық бағдарламаларын іске асыру мақсатында «Aqtobe su-energy group» АҚ жұмысшыларына …
2025 жылдың 28 қаңтарында институттың оқу-әдістемелік орталығы кәсіби коуч-жаттықтырушы, PhD докторы К.Т.Қуанжанованың және институттың кадр жұмысы бөлімінің инспектор-психологі М.Айболатқызының қатысуымен «Кәсіби шаршаудың алдын алу», «Педагогикалық тимбилдинг» тақырыптарына семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты: институттың профессорлық-оқытушы құрамына өзін-өзі тану мен өзін-өзі басқару және кәсіби құзіреттілік дағдысын дамытуды, сонымен қатар кәсіби шаршауға қарсы тиімді …
28 января 2025 года в онлайн формате была проведена гостевая лекция известным казахстанским ученым-юристом, профессором Казахского Национального университета имени Аль-Фараби, д.ю.н., профессором Ибраевой Алуа Саламатовной на тему «Правовые основы и принципы формирования конституционного правосознания, совершенствования правовой культуры сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан» для сотрудников патрульной полиции, обучающихся на факультете …
Бүгін оқу ордамыздың курсанттары Ақтөбе облыстық Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында италиялық драматург Карло Гоццидің «Турандот ханшайым» пьесасының желісімен сахналанған «Турандот» трагикомедиясын тамашалады.Білім алушыларымыз әлемдік театр сахнасында түрлі жанрларда қойылған, жақсы табысқа жеткен классикалық премьерадан жақсы әсер, рухани азық алды.
|
|