- Институт
- Учебно-методическая деятельность
- Научная деятельность
- Кадровая и воспитательная работа
- Образовательный
портал - Обучающиеся
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында халқымыздың ұлы кемеңгер, ойшыл ақыны, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған « Ұлы Абай тағылымы» атты танымдық іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алғызу, сөз қазынасын, асыл мұратын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Қазақ халқының ұлы кемеңгер, ойшыл ақыны Абай Құнанбаев –ұлт санасының шамшырағы. Оның шығармалары жастарды өз халқына адал қызмет етуге, елін сүюге, білімге мәдениет арқылы ұлттың дамуына үлес қосуға, замана көшіне ілесіп жаңалық жаршысы бола білуге тәрбиелейді.
Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы алғашқы курс даярлық тыңдаушыларымен «Процестік даярлық» пәні бойынша көшпелі тәжірибелік сабақтар жүргізді. Тәжірибе сабақ өткізу барысында Ақтөбе облысы ПД жедел-криминалистикалық қызметінің негізгі танысу бағыттары жүргізілді. Жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері келесі бағдарламалардың жұмыс қағидаларын көрсетіп тәжірибе сабақтарын толық түсіндірді. Сонымен қатар «Папилон», «Образ++», «Оқ-гильзотека» және …
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына орай институт офицерлері арасында атыс жарысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — Ұлы Жеңісті жақындатқан жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету, әскери-патриоттық рухты нығайту және офицерлердің кәсіби шеберлігін арттыру.Жарысқа әртүрлі бөлімшелерден офицерлер қатысып, мергендік пен дәлдікте өзара бақ сынасты. Қатысушыларға қысқа және орта қашықтықта …
Кәсіби даярлық факультетінің курсанттарына арналған «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мәні мен нысандары» тақырыбында тәжірибелік сабаққа Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының филиал басшысы А.С. Мустафина арнайы шақырылды.Сабақ барысында курсанттар еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, қолданылатын әдістер мен нысандары туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен …
2025 жылдың 28 сәуірі мен 12 мамыры аралығында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының және институттың Ардагерлер мен тәлімгерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Мен батырдың ұрпағымын”тақырыбында курсанттар арасында институтішілік эссе байқауы өтті. Байқауға 18 эссе тіркеліп, 4 эссе үздік деп танылды.Осындай іс-шаралар Отан қорғаған ерлердің ерлігін …
Бүгін Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының филиал басшысы А.С. Мустафина біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына «Қазіргі жағдайдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.Сабақ барысында тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлықтың себептері, оның қоғамға тигізетін әсері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жолдары туралы нақты мәліметтер …
Бүгін институт басшылығы жеке құрамның жауынгерлік рухын көтеріп, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға ынталандыру мақсатында таңғы таралым өткізді. Институт бастығының орынбасары полиция полковнигі С. Айжанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен ‘“Айбынды әскер – Тәуелсіз елдің тірегі” атты қалалық әскери-патриоттық турнирде ерекше дайындық …
1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты — жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отан үшін жанын қиған ерлердің ерлігін дәріптеу, соның ішінде Әлия Молдағұлованың қайсар мінезі мен батырлық жолын насихаттау.
2025 жылғы 9 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Батырларға тағзым» тақырыбында курсанттар мен тыңдаушылар арасында өлең оқу сайысы өтті.Іс-шара барысында әскери тақырыпта патриоттық өлең оқу бойынша барлығы 14 оқу тобынан сайыскерлер қатысып, ерлік, батырлық туралы ақындардың жырларын нақышына …
|
|