Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Новости

Жеңіл атлетика

20.05.2025

Дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Н.А.Таласбаев «Дене дайындығы» пәнінен «Жеңіл атлетика» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді.Сабақта қысқа және алыс арақашықтықта жүгіру техникасы жетілдіріліп, курсанттардың белгіленген қашықтықта шыдамдылығы мен жаттығуларды өз бетімен орындау машықтары жетілдірілді.

Курсанттармен бірге тимбилдинг

17.05.2025

Демалыс күні бос уақытты тиімді өткізу мақсатында 1 курстың 102-топ курсанттарына тимбилдинг ұйымдастырылды.Курсанттар табиғат аясында бірге серуендеп, түрлі жарыстар өткізіп, волейбол ойнап, ұжымдық ынтымақтастықты нығайтты. Тимбилдинг жастарға ерекше ұмытылмас эмоциялар мен позитивті көңіл-күй сыйлады.

Шығармашылық сайыс

16.05.2025

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай институт офицерлерінің балалары арасында сурет салу байқауы өтті.Шығармашылық сайыс барысында балалар өз туындылары арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктері мен бейбіт өмірдің маңызын бейнеледі. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.