Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Блог психолога

17.02.2025

Бүгін ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында қызметкерлерге арналған тренинг өткізілді. Тренинг барысында командалық жұмысты нығайту, өзара түсіністікті арттыру және жұмыс ортасын қолайлы етуге бағытталған түрлі әдістер қолданылды. Барша қатысушыларға белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіремін!

04.02.2025

Біздің оқу орнымызда тыңдаушылардың жаңа ортаға бейімделуін қолдану мақсатында арнай тренинг өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – тыңдаушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, топтық үйлесімділікті дамыту және тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдірді. Бұл тренинг олардың жаңа ортаға тезірек сіңісуіне және оқу процесіне оң әсерін тигізетініне сенімдіміз.

25.01.2025

“Сені дауысынан танимын” 101топ курсанттармен тренд түсірілді. Дауысымызды бір-бірімізді тану-нағыз бауырластықтың белгісі.

24.01.2025

“Жақсы көңіл-күй-жан азығы” Курсанттарымыз үшін ерекше тренинг өткізілді. Бүгінгі тренингте біз жағымды эмоциялар мен позитивті ойлау тәсілдерімен таныстық. Жақсы көңіл- күй-күннің әр сәтін қуанышқа толтырады. Көңіл-күйдің тек деңсаулыққа ғана емес, сонымен қатар тиімді жұмыс істеуге де әсер ететін ұқтық.

02.01.2025

Бүгін біздің 101-топ курсанттарына “Жылы лебізбен құшақта” атты ерекше тренинг өткізілді. Мақсаты- эмоционалдық жақындықты дамыту,өзара түсіністік пен қолдауды арттыру. Бұл тренинг арқасында курсанттар бір-біріне сенімдерін күшейтті.

16.11.2024

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте аныктау және алдын алу маселелері бойынша білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының (КТБО, ККО) құзыретін арттыру» тақырыбында оқуға келген білім беру орындарының педагог-психологтарына “Көңілді -күймен” тренинг өткізілді .Мақсаты Педагог -психологтардың эмоционалды жағдайын жақсарту,позитивті көңіл-күйді қалыптастыру және күйзелісті жеңу.