13.02.2026
2026 жылғы 13 ақпан күні М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысы бөлімі №8 орта мектебінің оқушыларына Ашық есік күнін өткізді. Аталған шара оқушыларға мектепті тәмамдағаннан кейін мамандық таңдауға, институттың тыныс-тіршілігімен, материалдық базасымен танысуға және кәсіби бағыт-бағдар алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар институтқа оқуға қабылдау тәртібі мен артықшылықтары түсіндіріліп, ақпараттық бейнероликтер көрсетілді.







