20.09.2025



2025 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында бірінші курс курсанттарының Ант қабылдау және қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімдері өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры К.А. Сұлтанбаев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.А. Елеуов, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Қ.Ж. Тапаев, Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшылығы, Шымкент қаласындағы ІІМ Оқу орталығының басшылығы, ардагерлер, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің – М.Н. Рахматуллаев пен Р.Б. Кенжалиннің ата-аналары мен жақын туыстары, сондай-ақ Ант қабылдаған курсанттардың ата-аналары қатысты.
Аталмыш шара Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында жүзеге асырылды.







