Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Ахмет Байтұрсынұлы – рухани көсем

5.09.2025

Бүгін Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі, әрі Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
​Халқының ғасырлық жүгін арқалаған Ахаңның ғылыми, рухани, әдеби мұрасы мен саяси-әлеуметтік, қоғамдық , ағартушылық қызметін насихаттап, бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру парызымыз.
​Осы орайда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Тілдер күнін мерекелеуге байланысты Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары арқылы туған тілге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Ахмет Байтұрсынұлы – рухани көсем» атты әдеби-танымдық кеш өтті.Ел үшін, болашақ үшін ту көтерген Ахаңның бейнесі жас ұрпақтың жүрегінен кең орын алып, оның қазақ тіліне, ары қарай өмір сүруіне қатысты пікірлері мен ойларын, еңбектерін оқу арқылы ой түйсе, халыққа адал қызмет етуге талпынса ғалымның арманының орындалғаны.