Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Адал азамат

19.08.2025

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы 23 маусымдағы құқыққорғау органдарының кеңейтілген алқалық отырысында полиция қызметкерлері “Адал азамат” идеалдарына сәйкес келуі тиіс деген болатын. Осыған орай ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері оқу үдерісінде тыңдаушыларға адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттайтын «Адал азамат» атты әлеуметтік жобаны іске асыруды қолға алды.
Мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтық ұстанымды қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы иммунитетті күшейту. Бейнероликте болашақ тәртіп сақшылары өз көзқарастарын ашық білдіріп, елге адал қызмет етудің маңызын көрсетті.