8.08.2025



Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына кітапхана қызметкері көрмеге библиографиялық шолу жүргізді.
Көрмеде ақынның өлеңдер жинақтары, қара сөздері, зерттеу еңбектері мен фотоматериалдар қойылды. Курсанттар Абай өлеңдерінен үзінділер оқып, ақынға арналған шағын шығармаларын ұсынды.
Көрменің мақсаты – Абай мұрасын насихаттау және курсанттардың рухани-мәдени дамуына үлес қосу.







