Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Ақтөбе заң институтында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

27.06.2025

Ақтөбе заң институтында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға институт басшылығы, ІІО ардагерлері, курсанттар қатысты. Институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі С. Айжанов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы В. Сюняков жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Жиын кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарған бірқатар қызметкерлерге арнаулы атақтар мен грамоталар табысталып, оқуда үздік нәтиже көрсеткен курсанттар мерекелік марапатқа ие болды. Ресми бөлімнен кейін институт қызметкерлері мен курсанттар концерттік бағдарламамен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.