Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

24.07.2025

Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы Сыдықназаровтың 2021 және 2024 жылдары жарық көрген екі томдық атласы институтымыздың оқу, ғылыми және халықаралық дискурсындағы ажырамас бөлікке айналды.
Бұл еңбектер: оқу бағдарламаларына енгізілді, ғылыми зерттеулерде қолданылады. Болашақ құқық қорғаушылардың құқықтық болмысын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады
Қазақ мемлекеттілігінің XV–XIX ғасырлардағы тарихи-картографиялық дәлелдерін жүйелеген бұл атластар – гуманитарлық ғылым мен ұлттық тарихты жаңа деңгейге көтерген іргелі еңбек.
Осыны ескере отырып, Ақтөбе заң институты аталған еңбекті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа лайық деп санайды.