Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

7.05.2025

Бүгін, 7 мамырда, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында өткен салтанатты әскери парадты Институттың курсанттары ерекше ықыласпен тамашалады.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қуатын, сарбаздардың жоғары дайындығы мен рухын паш еткен бұл ауқымды шара курсанттар үшін терең тарихи және тәрбиелік маңызы бар оқиға болды. Курсанттар парадты арнайы ұйымдастырылған залда, бірлесе отырып көрді. Әскери техниканың өтуі, сарбаздардың біркелкі сап түзеуі және жоғары әскери өнерді көрсетуі болашақ офицерлердің бойында зор мақтаныш сезімін оятты.