3.05.2025
Ақтөбе заң институты Полиция департаментімен, ҚАЖ департаментімен, МКҚБ-мен және Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектептің «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушыларымен бірлесіп, Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін Әлия Молдағұлова атындағы саябақта Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған концерт ұйымдастырды.


