26.04.2025
26 сәуір күні оқу ордамыздың тыңдаушылары мен курсанттарының қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде институт аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еңбекке баулу арқылы жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Акцияға қатысушылар мекеме маңын қоқыстан тазартып, көгалдандыру шараларын жүзеге асырып, аймақтың көркеюіне өз үлестерін қосты.


