29.04.2025
Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына арналған ғылыми-патриоттық конференция өтті.
Конференцияға Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Нурланов Еламан Нуржановичтің жетекшілігімен институтымыздан 102 взвод курсанты Сагин Арман Ерболұлы, 103 взвод курсанты Жумагазин Жанис Серикович, 104 взвод курсанты Бауыржан Мейіржан Дидарұлы қатысты.
Конференция барысында Ұлы отан соғысының тарихи рөлі, өскелең ұрпаққа берер сабағы жәнеде Ұлы отан соғысындағы есімі еленбей қалған батыр, ұлттың мақтаныштары бола білген ұл-қыздарымыз туралы дәріптелді. Конференцияға қатысушылар Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.


