Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

5.04.2025

2025 жылдың 31 наурызы мен 05 сәуір аралығында еліміздің барлық облыстарынан келген Желілік полиция бөлімшелері бастықтарының орынбасарлары үшін «ІІО-да басшылардың жұмысын ұйымдастыру, әдістемесі мен жоспарлау нысаны» тақырыбында және ювеналдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлеріне «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті.
Курс барысында қызметкерлер заңнамалық жаңашылдықтар, қызмет барысындағы маңызды мәселелердің теориялық және тәжірибелік шешімдері, олардың дұрыс қолданылу бағыты бойынша дағдыларды меңгерді. Курс сонында қызметкерлерге біліктілікті арттыру курсынан өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.