Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

19.03.2025

2025 жылғы 15-19 наурыз аралығында Шымкент қаласында 2005-2006 жылы туған жастар арасында самбо және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің 17 облысы мен 3 ірі қаласынан 500-ден астам спортшы қатысты. Бұл чемпионат Азия және Мұхит аймағы чемпионатына қатысу үшін іріктеу кезеңі болып табылды.
Біздің институт атынан 1-курс курсанттары қатысып, табандылық пен төзімділік танытты. Әсіресе, 104-взвод курсанты Байтемір Перизат ерекше көзге түсіп, жеңіске деген жігерін көрсете отырып, 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Бұл нәтиже спортшы үшін де, институт үшін де маңызды жетістік болып табылады.
Байтемір Перизатты лайықты марапатымен құттықтаймыз! Оған спортта да, оқуда да одан әрі табыс тілейміз.