Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

14.03.2025

Наурыз мерекесіне орай институттың ақпараттық саясат бөлімшесінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, курсанттардың өз ұлтына және туған тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында “Наурыз – ұлттық дәстүр бастауы” зияткерлік ойыны өткізілді. 3 кезеңнен тұратын сайыста 1 курстың 1 және 3-топ курсанттарынан құралған “Дәстүр” мен “Шаңырақ” топтары өз білімдерін сынап, қорытындысында “Шаңырақ” тобы ұпай санымен алға шығып, жеңімпаз атанды. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жастардың санасына сіңірер, халықтық тәрбиенің бастауы болатын мақал-мәтелдер, ұмытылған ғұрыптарды еске салатын, сонымен қатар логикалық сұрақтардан құралған тартысты да қызықты өткен сайыста курсанттар мол тағылым алды.