Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

5.03.2025

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылар құрамы кәсіптік бастапқы оқыту курстарының тыңдаушыларымен «Процесстік даярлық» пәні бойынша көшпелі тәжірибелік сабақтар өткізді.
Тыңдаушылар Ақтөбе облысы ПД жедел-криминалистикалық қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері келесі бағдарламалардың жұмыс принциптерін түсіндірді және көрсетті: «Папилон», «Образ++», «Пулегильзотека» және күнделікті қызметте практикалық қызметкерлер қолданатын басқа да іздестіру жүйелерінің жұмыс жасау принциптерімен таныстырылды.
Сабақ өз мақсатына жетті, тыңдаушылар сот-баллистикалық сараптама жүргізу әдістерімен танысты, адамды сыртқы келбетінің элементтері мен белгілері бойынша сәйкестендіру әдістері туралы қажетті білім алды, сондай-ақ криминалистер оқиға орнын тексеру барысында заттай дәлелдемелерді табу, алу және бекіту ережелері туралы тәжірибелік сабақтар өткізді.