6.03.2025
Арнайы репортаж
ҚАЗІРГІНІҢ ӘЛИЯСЫ
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы заң иститутының Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Молдыбаева Райгуль Батырханқызы.
Бұл жоба Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай түсірілді.
Жобаның мақсаты – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың батырлығын, рухын әрі тарихи мәнін жаңа ұрпаққа жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, ұлттық рухты көтеруге арналған маңызды бастама.
Аталмыш жоба тек тарихи тұлғаларымызды ұлықтау ғана емес, жастардың патриоттық сезімін арттыруға, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға үлкен әсерін тигізеді.





