26.09.2024
Бүгін бізде 104 топ курсанттарына Тренинг: Сенімділікті арттыру — Бір-бірімізге деген сенім!
⠀
Бүгін курсанттарымыз арасында топтық сенімділікті арттыру мақсатында арнайы тренинг өтті. Бұл тренингтің негізгі мақсаты — бір-біріне деген сенімділікті нығайту, өзара түсіністік пен қолдауды арттыру.
⠀
Тренинг барысында түрлі топтық тапсырмалар мен жаттығулар арқылы курсанттар бір-біріне көмектесіп, ұжымдық күшпен нәтижеге жетудің маңыздылығын сезінді.
⠀
Жақсы топ — сенімділік пен бірліктің негізі! Тек бір-бірімізді қолдап, бірлесе жұмыс істегенде ғана үлкен жетістіктерге жете аламыз!




